АЛМАТЫ, 7 маусым — Sputnik. 1 маусымнан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қытайлық әріптесі Ван Имен кездесуден кейінгі брифингте.
Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И
© Sputnik / Абзал Калиев
Қытай мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қытай сыртқы істер министрі Ван И ді Қазақстанға келген болатын.
Сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
"Коронавирус пандемиясы әлемдік аренаға кері әсерін тигізді. Қазір біз бұл пандемияны өзара ынтымақтастық пен қолдау арқылы еңсерудеміз. Осы жұмыстың дәлелі ретінде биыл бірінші маусымынан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілгенін атап өткім келеді", - Мұхтар Тілеуберді.