Қоғам

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

© Photo : аккаунт Акжаркын Турлыбай в соцсетяхАқжарқын Тұрлыбай
Ақжарқын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2022
Жазылу
Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық қыздың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы хабарлады.
2020 жылы 19 қазанда Бас прокуратураға Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға ауыстыру туралы жазбаша өтініші түскен. Дәл сол күні тиісті сауал Қытай тарапына жіберілді. Алайда 2021 жылы наурыз айында Қытай қазақстандық қызды экстрадициялаудан бас тартқан.
"Ақжарқын Тұрлыбай шартты түрде мерзімінен босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сол себепті оны жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына қайтару мүмкін емес", - деп келтірді Бас прокуратура ҚХР Әділет министрлігінің жауабын.
Десе де Қазақстан тарапы үміт үзбейді. Бас прокуратураның ақпаратынша, егер Қытай соты Ақжарқынның жаза мерзімін қысқартып, нақты жаза кессе, онда отандасымызды елге қайтаруға мүмкіндік бар.
Ал Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов жаза биыл қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"БАҚ-та жарияланған ақпарат – 2021 жылғы және қазіргі таңда өзектілігін жоғалтты. Бұған дейін Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанға қайтару алгоритмі жайлы айтқан едім. Жаза биыл қайта қаралуы мүмкін", - деді қорғаушы Sputnik Қазақстанға.
Ақжарқынды Қытайдан қайтару процедурасы:
өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыруға қайта қарау туралы шешім – Тұрлыбайды елге қайтаруға тікелей септігін тигізеді;
Қазақстанның Бас прокуратурасына сотталған азаматты қайтару туралы қолдаухат жіберу (Нұрмағамбетов оны 2016 жылдың сәуірінде жолдап қойған).
Қазақстан Бас прокуратурасы мен сыртқы істер министрлігінің Қытай тарапымен сотталған азаматты қайтару бойынша өзара іс-қимылы.
Акжаркын Турлыбай (в центре) и адвокат Сункар Нурмаганбетов (слева) - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Ақжарқын Тұрлыбайды отанына қайтаруға нақты мүмкіндік бар – адвокат

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.
2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.
Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды – жаза өзгеріссіз қалды.
2019 жылы Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазды.
2019 жылы қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде ізгілік танытып, Ақжарқынды Отанына қайтаруға жәрдемдесуге шақырды.
Бұған дейін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлаған еді. Сонымен қатар, ол көркем әдебиет оқиды, дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.
Жаңалықтар
0