Референдумда дауыс беретін соңғы учаскелер жабылды

Шетелдегі 65 сайлау учаскесіне келу көрсеткіші - 72,95%
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Қазақстандықтардың шетелде дауыс беруі аяқталды. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 6-да Вашингтонда, Нью-Йоркте және Оттавада учаскелер жабылды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беруді аяқталды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, шетелдегі 65 сайлау учаскесіне келу көрсеткіші - 72,95%.
5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтті. Азаматтар Конституцияға түзетулер енгізу туралы шешім қабылдады.
Дауыс беру құқығы 11 732 699 адамға берілді.
Референдум бойынша Еxit poll нәтижелері жарияланды