Референдум бойынша Еxit poll нәтижелері жарияланды

© Photo : referendum2022_kzПодсчет голосов
Подсчет голосов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның экзитпол нәтижелері жарияланды.
"Демократия институты" мәліметі бойынша 79,4% қатысушы Конситутцияға өзгеріс енгізудің президенттік пакетін қолдады. Референдумға қатысу көрсеткіші 66,3 процентті құрады. Сауалнамаға 15 000 мың адам қатысты.
"СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеу инситутының мәліметінше, өзгертулерге сауалнама алынғандардың 76,7% қолдау білдірді. 23,3%-і қарсы дауыс берген. Дауыс беру учаскесіне келушілер көрсеткіші 67,5%-ті құрады.
"Қоғамдык пікір" инситутының мәліметінше, респонденттердің 74,8% -і Конситуцияға өзгерітулер енгізуді қолдады. 25,2%-і қарсы дауыс берді. Қатысу көрсеткіші 70,1%-ті құрады.
Жаңалықтар
0