Брифингтер Sputnik.kz сайтында 12:00, 13:00 және 14:00-де тікелей эфирде өтеді.
Айта кетері, республикалық референдумда 11,7 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы. Заң бойынша, референдум өткізілген болып саналуы үшін сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге тиіс.
Референдум учаскелері елдің басым бөлігінде астана уақытымен таңғы сағат жетіде, ал бес өңірде уақыт белдеуіне байланысты бір сағатқа кеш ашылды. Елордадағы сайлау учаскелерінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та өз таңдауын жасады. Сонымен қатар сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, министрлер мен әкімдер де дауыс берді.