https://sputnik.kz/20220605/referendumnan-keyin-ozgeris-toqaev-25305034.html
Референдумнан кейін қандай өзгеріс болады - Тоқаев жауап берді
Референдумнан кейін қандай өзгеріс болады - Тоқаев жауап берді
Sputnik Қазақстан
Бүгін дауыс беріп жатқан Конституция баптарын жүзеге асыруымыз керек, деді президент 05.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-05T09:52+0500
2022-06-05T09:52+0500
2022-06-05T09:52+0500
саясат
референдум
қасым-жомарт тоқаев
өзгерістер
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25238477_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_5dcc7ca184054dbab88d864280e4210c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның оң нәтижесі шыққан жағдайда біраз жұмыс атқару қажет болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Алдымызда біраз жұмыс бар. Бүгін дауыс беріп жатқан Конституция баптарын іске асыруымыз керек. Заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, партия мен парламентке қатысты түзетулер бар. Меніңше, біздің парламентіміз ол жұмысты абыроймен атқара алады. Бүгін халқымыз дауыс беріп жатқан жаңалықтар еліміздің қоғамдық өміріне көптеген өзгеріс әкеледі. Шын мәнінде, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас парадигмасы өзгереді. Адам құқықтары бірінші орынға шығады" , - деді Тоқаев референдум аясында өткен брифингте. Осы орайда президент Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жаңа мәртебе берілетінін ерекше атап өтті. Ал мемлекет басшысы халқына адал қызмет етуге және Конституцияны қатаң сақтауға міндетті. Тоқаев оны басты қағида ретінде ұстанатынын жеткізді."Алдымызда тұрған мақсатымыз, жұмысымыз өте ауқымды. Бәріміз ұлт болып, ел болып, жұмыс істеуіміз керек. Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес. Сондықтан еліміз өте қырағы болуы керек. Бәріміз бір жұдырық болып, қауіп-қатерге тойтарыс беруіміз керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25238477_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_26b7a449fe2fd194da10668e3cf56e17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, қасым-жомарт тоқаев, өзгерістер
референдум, қасым-жомарт тоқаев, өзгерістер
Референдумнан кейін қандай өзгеріс болады - Тоқаев жауап берді
Бүгін дауыс беріп жатқан Конституция баптарын жүзеге асыруымыз керек, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның оң нәтижесі шыққан жағдайда біраз жұмыс атқару қажет болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдымызда біраз жұмыс бар. Бүгін дауыс беріп жатқан Конституция баптарын іске асыруымыз керек. Заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, партия мен парламентке қатысты түзетулер бар. Меніңше, біздің парламентіміз ол жұмысты абыроймен атқара алады. Бүгін халқымыз дауыс беріп жатқан жаңалықтар еліміздің қоғамдық өміріне көптеген өзгеріс әкеледі. Шын мәнінде, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас парадигмасы өзгереді. Адам құқықтары бірінші орынға шығады" , - деді Тоқаев референдум аясында өткен брифингте.
Осы орайда президент Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жаңа мәртебе берілетінін ерекше атап өтті. Ал мемлекет басшысы халқына адал қызмет етуге және Конституцияны қатаң сақтауға міндетті. Тоқаев оны басты қағида ретінде ұстанатынын жеткізді.
"Алдымызда тұрған мақсатымыз, жұмысымыз өте ауқымды. Бәріміз ұлт болып, ел болып, жұмыс істеуіміз керек. Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес. Сондықтан еліміз өте қырағы болуы керек. Бәріміз бір жұдырық болып, қауіп-қатерге тойтарыс беруіміз керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.