Халық түбегейлі өзгерістерді күтеді – әзербайжандық бақылаушы

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Әзербайжан Мелли Меджлисінің аграрлық саясат комитеті төрағасының орынбасары, бақылаушылар тобының үйлестірушісі Сабир Гаджиев елордадағы сайлау учаскелеріндегі ахуал туралы айтып берді.
Оның айтуынша, әдетте демалыс күні таңертең адамдар дауыс беруге аса құлшыныс білдіре бермейді. Бірақ Нұр-Сұлтанда адамдар сайлау учаскелері ашылмай жатып-ақ дауыс беруге келген.
"Адамдар сайлау учаскелерінің ашылуын күтіп тұрғанын, учаскелер ашылған соң, бюллетень алып, дауыс беріп жатқанын байқадым. Бұл қазақстандықтар азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін белсенділік танытып отырғанын, олар елдің болашағына бей-жай қарамайтынын білдіреді. Әлі де көп адам дауыс беруге келеді. Адамдар өзгерісті қалайды", - деді ол.
Халыққа конституциялық өзгерістердің мәні жете түсіндірілді – бақылаушылар