Халыққа конституциялық өзгерістердің мәні жете түсіндірілді – бақылаушылар

© Sputnik/Александр МирогловРеферендум
Референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстандықтар белсенді түрде дауыс беріп, сайлау учаскелеріне жақсы көңіл-күймен келіп жатыр. Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте ТМД ПАА халықаралық бақылаушылары референдумның қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді.
Бақылаушылар таңғы сағат 7-ден бастап Қазақстанның әр өңіріндегі сайлау учаскелерін аралап жүр.
"Әдетте, учаскелер таңертең ерте ашылып, дауыс беруге адамдар өте аз келеді. Бұл жолы адамдар дауыс беру учаскелерінің ашылуын күтіп тұрғанын байқадым. Бұл Қазақстан азаматтары азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін белсенділік танытып отырғанын білдіреді. Яғни, олар елдің болашағына бей-жай қарамайды. Күн соңына дейін сайлау учаскелеріне келетін адамдардың саны өте көп болады деп пайымдауға негіз бар", - деді Әзербайжан Мелли Меджлисінің аграрлық саясат комитеті төрағасының орынбасары, бақылаушылар тобының үйлестірушісі Сабир Гаджиев.
Ол кез келген референдумда ең бастысы адамдардың келуі екенін атап өтті.
"Күннің бірінші жартысындағы алғашқы сағаттарда да халықтың белсенділігі жоғары болды. Мұны біздің өкілдеріміз ұсынған ақпарат растап тұр", - деді Гаджиев.
Бақылаушылар елдің референдум өткізудегі аз тәжірибесіне қарамастан, барлық науқанды дайындау сапасының жоғары екенін атап өтті.
"Бастысы енгізілгелі жатқан өзгерістердің мәні халыққа жете түсіндірілді. Ал процесс кезіндегі техникалық мәселелер ретімен шешіліп жатты. Мысалы, біз заңда "жергілікті бақылаушылар" ұғымы қарастырылмағанын білдік. Сонда да демократияға жол беріліп, дауыс беру күнінде де өкіл (белсенді – редакция ескертпесі) кез келген азамат аккредитация ала алды. Ол үшін ертерек учаскелік немесе орталық комиссияға барудың қажеті болмады. Кез келген ниет білдірген азамат бақылаушы бола алатын мүмкіндік қарастырылды", - деді ТМД ПАА бақылаушылар тобының үйлестірушісі.
ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының меңгерушісі – бас хатшы Дмитрий Кобицкийдің айтуынша, бақылаушылар референдум өткізудің техникалық және заңнамалық сипатын, азаматтардың белсенділігін, заң бұзушылықтар мен шағымдардың бар-жоғын бағалайды.
"Учаскелерде учаскелік сайлау комиссиялары жақсы дайындықтан өткенін, олар өз ісін білетінін көрдік. Бұл референдум бойынша орталық сайлау комиссиясының үлкен еңбегінің жемісі. Түске дейін біз учаскелік сайлау комиссияларымен де, ұлттық бақылаушылармен де кездестік. Ұлттық бақылаушылар ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтты және мүлде болмайды деп үміттенетіндерін жеткізді", - деді Кобицкий.
ТМД ПАА тобы 37 адамнан тұрады. Олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдері мен Канада, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Франция және тағы басқа алыс шет мемлекеттердегі сайлау учаскелеріне бақылау жүргізеді.
Кобицкийдің айтуынша, бүгін ТМД ПАА бақылаушылары ДИАҚБ (Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро)/ЕҚЫҰ, түркітілдес елдер парламентаралық ассамблеясы өкілдерімен де кездесіп, ТМД Миссиясының атынан үйлестірушілер кеңесіне қатысады.
Жаңалықтар
0