Өңірлер

Ақтөбе облысында үш бала суға батып кетті

Қайғылы оқиға туралы ақпарат 4 маусым сағат 19:00-де келіп түскен
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында үш бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға Ырғыз ауданы Ақши ауылында болды, деп хабарлады “Мой ГОРОД”.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға туралы ақпарат кеше, 4 маусым сағат 19:00-де келіп түскен.
Ақши ауылынан бір шақырым жердегі Ырғыз өзеніне 4-5 жасар апалы-сіңлілі және 4 жасар ұл бала батып кеткені белгілі болды.
Алдын ала мәлімет бойынша балалар үлкендердің қарауынсыз қалған.
Оқиға
Түркістан облысында екі бала суға батып кетті