Оқиға

Түркістан облысында екі бала суға батып кетті

© Photo : ДЧС СКОархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
2012 жылы туған екі бала Бөген өзенінің 2 метр тереңдіктегі жеріне түскен
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында екі бала суға батып кетті.
10 жастағы балалардың денесі Бөген өзенінен табылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзенге шомылуға кеткен ұлын таппай қалғанын айтып көмек сұраған.
Оның айтуынша, 2012 жылы туған екі бала Бөген өзенінің 2 метр тереңдіктегі жеріне түскен.
Алайда судан шықпай қалған. Қасында болған екі бала көмекке ауылдастарын шақырған.
Іздеу шараларына Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы бастаған жедел-тергеу тобы мен прокуратура қызметкерлері, төтенше жағдай қызметінің 34 маманы мен 11 техника жұмылдырылды.
Бірнеше сағатқа созылған жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде екеуінің де мәйітін алып шықты.
Оқиға орнын қарау барысында балалардың киімдері мен велосипедтері табылды.
Жаңалықтар
0