АЛМАТЫ, 4 маусым — Sputnik. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Ақтау маңынан алкоголь өндіретін қойма тапты.
Мұнайлы ауданындағы қоймада 3 мыңнан астам бөтелке алкоголь болған, деп хабарлайды Lada.kz порталы.
"Саны 3 176 бөтелке күмәнді есепке алу-бақылау таңбалары бар алкогольді заңсыз сақтау фактісі анықталды. Жеке тұлғаның тиісті рұқсат құжатынсыз бүкіл Маңғыстау облысы бойынша алкоголь сатқаны анықталды. Барлық өнім алынып, уәкілетті ұйымға сақтауға берілді", - делінген Маңғыстау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.
Олар қазіргі уақытта қоймадағы өнімнің нақты иесін және жеткізушілерін анықтау жұмысы жалғасып жатыр деп қосты.
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнімдерді заңсыз сату мемлекетке зиян келтіріп қана қоймай, халықтың денсаулығына қауіп төндіретінін еске салды.