Қоғам

Балқашта әскери қызметші жараланды: оқ атты деген күдікпен әріптесі ұсталды

Жарақат алған әскери қызметші қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінде қызмет етеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Балқаш қаласында әріптесіне оқ атты деген күдікпен әскери қызметші ұсталды. Жараланған офицер хәл үстінде жатыр, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Балқаш гарнизонында офицер жараланғаны туралы хабарланған еді.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасы Қарағанды бөлімінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Әскери прокуратураның ақпаратынша, қорғаныс министрлігіне қарасты 53898 әскери бөлімнің зардап шеккен әскери қызметшісіне ота жасалды. Қазір жағдайы өте ауыр.
"Күдікті – оның әріптесі. Ол 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.
Оқиға
Балқаш горнизонында офицер жарақат алды