https://sputnik.kz/20220602/balqash-askeri-qyzmetshi-oq-atty-25231946.html
Балқашта әскери қызметші жараланды: оқ атты деген күдікпен әріптесі ұсталды
Балқашта әскери қызметші жараланды: оқ атты деген күдікпен әріптесі ұсталды
Sputnik Қазақстан
Жарақат алған әскери қызметші қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінде қызмет етеді 02.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-02T09:59+0500
2022-06-02T09:59+0500
2022-06-02T10:01+0500
қоғам
балқаш
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/113/12/1131285_7:0:969:541_1920x0_80_0_0_92f7681e598f360d1e6951dc10dadb14.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Балқаш қаласында әріптесіне оқ атты деген күдікпен әскери қызметші ұсталды. Жараланған офицер хәл үстінде жатыр, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.Бұған дейін Балқаш гарнизонында офицер жараланғаны туралы хабарланған еді.Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасы Қарағанды бөлімінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.Әскери прокуратураның ақпаратынша, қорғаныс министрлігіне қарасты 53898 әскери бөлімнің зардап шеккен әскери қызметшісіне ота жасалды. Қазір жағдайы өте ауыр.Кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.
https://sputnik.kz/20220530/balqash-gornizonyn-ofitser-zharaqat-25178238.html
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/12/1131285_127:0:848:541_1920x0_80_0_0_3d4645fe58692bba6532d824e0038d26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, әскери қызметкер
Балқашта әскери қызметші жараланды: оқ атты деген күдікпен әріптесі ұсталды
09:59 02.06.2022 (жаңартылды: 10:01 02.06.2022) Жарақат алған әскери қызметші қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінде қызмет етеді
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Балқаш қаласында әріптесіне оқ атты деген күдікпен әскери қызметші ұсталды. Жараланған офицер хәл үстінде жатыр, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Балқаш гарнизонында офицер жараланғаны туралы хабарланған еді.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасы Қарағанды бөлімінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Әскери прокуратураның ақпаратынша, қорғаныс министрлігіне қарасты 53898 әскери бөлімнің зардап шеккен әскери қызметшісіне ота жасалды. Қазір жағдайы өте ауыр.
"Күдікті – оның әріптесі. Ол 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.