Тоқаев Каспий итбалығының жойылып кету мәселесін жеке бақылауына алды

Мемлекет басшысы Алматыдағы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтын аралады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий итбалығы популяциясының қысқару себебін зерделеуді тапсырды. Ол бұл мәселенің шешімін өзінің жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.
Бұл туралы мемлекет басшысының Алматыдағы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтын аралау қорытындысы бойынша Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке институттың мұнай-химия өнеркәсібінің қалдықтарын өңдеу, су ресурстарын тазарту және сақтау, сондай-ақ Каспий итбалығының популяциясын қалпына келтіру сияқты негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейтіні айтылды.
Мемлекет басшысына өзекті экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар технология әзірленгені туралы хабарланды.
Мамыр айында Каспий жағалауында ондаған итбалық өлексесі табылды. Жағдайды себебі ресми түрде анықталған жоқ.
Тоқаев Алматыда бизнесмендермен кездесті