Тоқаев Алматыда бизнесмендермен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Kaspi.kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына Kaspi.kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективаларының жоспары туралы мәлімет берді.
Рашид Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жаңалықтар
0