НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Дұрыс тамақтану күйзелістен эмоционалды-физикалық жағдайды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Азық-түліктің кейбір түрі стресті жеңуге көмектеседі, алаңдаушылық деңгейін төмендетеді.
Дерматовенеролог Юлия Андреанованың айтуынша, мұндай өнімдерге шоколадты жатқызуға болады. Ащы шоколадты таңдаған дұрыс жөн, деді ол "Вечерний Москваға" берген сұхбатында.
Сондай-ақ, жаңғақ, майлы балық және өсімдік майлары көмектеседі. Диетаға көкөніс пен жемісті қосу ұсынылады. Әсіресе, стреспен күресуде сары, қызғылт сары және қызыл жемістер көмектеседі.
Сондай-ақ, Андреанованың айтуынша, сұлы, қарақұмық, тары ботқасын жеу керек.
Күйзелістен арылу үшін ұйқы өте маңызды. D, E, A витаминдері, Омега-3, -6, -9, мырыш, магний, кальций микроэлементтері керек. Сондай-ақ, күніне 1,5-2 литр су ішу қажет.