Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсон және Запорожье облыстары ресейлік интернетке қосылды

Байланысты қалпына келтіру үшін тұрғындарға сатылымға шыққан ресейлік оператордың sim-картасын сатып алу жеткілікті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Херсон және Запорожье облыстары ресейлік ұялы байланыс пен интернетке көшті, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Қырым басшысының ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі Олег Крючков.
"Киевтің кезекті әскери әрекеті Херсон және Запорожье облыстарындағы байланысты үзді. Ресей мұның шешімін тапты. Азат етілген аумақтарда тек қана ресейлік интернет пен ұялы байланыс жұмыс істеп тұр", - деді Крючков.
Оның айтуынша, қырымдықтар Киев билігі түбекті ұялы байланыстан ескертусіз ажыратқан мұндай жағдайға бұрын да тап болған. Бұл тәжірибе жағдайдың осылай өрбуіне дайындалуға және азат етілген аумақтарға ресейлік ұялы байланыс пен Интернетке тез ауысуға мүмкіндік берді.
Күні бұрын Украина әскерилері атқылау кезінде телефон кабелін үзіп, магистральдық желіде ауқымды апатты тудырған соң, Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігі Мәскеуге аймақтағы ұялы байланысты қалпына келтіруге көмектесу туралы өтінішпен жүгінді.
Херсон және Запорожье облыстарының абоненттері ұялы байланыссыз қалды. Өңірлерде украин және ресейлік ұялы байланыс операторлары жұмыс істеген.
Ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысын бақылауға алды. Жергілікті билік Ресей құрамына кіру жоспары туралы мәлімдеді.