https://sputnik.kz/20220531/kherson-zhane-zaporozhe-oblystary-reseylik-internetke-qosyldy-25936611.html
Херсон және Запорожье облыстары ресейлік интернетке қосылды
Херсон және Запорожье облыстары ресейлік интернетке қосылды
Sputnik Қазақстан
Байланысты қалпына келтіру үшін тұрғындарға сатылымға шыққан ресейлік оператордың sim-картасын сатып алу жеткілікті 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T12:30+0500
2022-05-31T12:30+0500
2022-07-04T17:30+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
интернет
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18994595_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_54441b41aefe55f89e1cb9f6d9aa89a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Херсон және Запорожье облыстары ресейлік ұялы байланыс пен интернетке көшті, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Қырым басшысының ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі Олег Крючков."Киевтің кезекті әскери әрекеті Херсон және Запорожье облыстарындағы байланысты үзді. Ресей мұның шешімін тапты. Азат етілген аумақтарда тек қана ресейлік интернет пен ұялы байланыс жұмыс істеп тұр", - деді Крючков.Оның айтуынша, қырымдықтар Киев билігі түбекті ұялы байланыстан ескертусіз ажыратқан мұндай жағдайға бұрын да тап болған. Бұл тәжірибе жағдайдың осылай өрбуіне дайындалуға және азат етілген аумақтарға ресейлік ұялы байланыс пен Интернетке тез ауысуға мүмкіндік берді.Күні бұрын Украина әскерилері атқылау кезінде телефон кабелін үзіп, магистральдық желіде ауқымды апатты тудырған соң, Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігі Мәскеуге аймақтағы ұялы байланысты қалпына келтіруге көмектесу туралы өтінішпен жүгінді.Херсон және Запорожье облыстарының абоненттері ұялы байланыссыз қалды. Өңірлерде украин және ресейлік ұялы байланыс операторлары жұмыс істеген.Ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысын бақылауға алды. Жергілікті билік Ресей құрамына кіру жоспары туралы мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1b/18994595_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_06c9751be78790aaa0efb1473cc4c4da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет
Херсон және Запорожье облыстары ресейлік интернетке қосылды
12:30 31.05.2022 (жаңартылды: 17:30 04.07.2022) Байланысты қалпына келтіру үшін тұрғындарға сатылымға шыққан ресейлік оператордың sim-картасын сатып алу жеткілікті
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Херсон және Запорожье облыстары ресейлік ұялы байланыс пен интернетке көшті, деп хабарлады
РИА Новости агенттігіне Қырым басшысының ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі Олег Крючков.
"Киевтің кезекті әскери әрекеті Херсон және Запорожье облыстарындағы байланысты үзді. Ресей мұның шешімін тапты. Азат етілген аумақтарда тек қана ресейлік интернет пен ұялы байланыс жұмыс істеп тұр", - деді Крючков.
Оның айтуынша, қырымдықтар Киев билігі түбекті ұялы байланыстан ескертусіз ажыратқан мұндай жағдайға бұрын да тап болған. Бұл тәжірибе жағдайдың осылай өрбуіне дайындалуға және азат етілген аумақтарға ресейлік ұялы байланыс пен Интернетке тез ауысуға мүмкіндік берді.
Күні бұрын Украина әскерилері атқылау кезінде телефон кабелін үзіп, магистральдық желіде ауқымды апатты тудырған соң, Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігі Мәскеуге аймақтағы ұялы байланысты қалпына келтіруге көмектесу туралы өтінішпен жүгінді.
Херсон және Запорожье облыстарының абоненттері ұялы байланыссыз қалды. Өңірлерде украин және ресейлік ұялы байланыс операторлары жұмыс істеген.
Ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысын бақылауға алды. Жергілікті билік Ресей құрамына кіру жоспары туралы мәлімдеді.