Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әлем енді Батысқа сенбей ме

Sputnik
Еуропа елдерінің көшбасшылары Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін қабылдау мақсатында Брюссельдегі жоспардан тыс жиында бас қосты, деп жазды РИА Новости.
Егер Еуропа Украинаның құлдырауын тоқтатқысы келсе, санкция енгізудің орнына ешқандай қару-жарақ жеткізілмейтінін, Еуроодаққа мүшелікке кандидат мәртебесі берілмейтінін және Ресеймен ымыраға келу жолын өз бетінше іздеу керектігі туралы Киевке ашық айтуы керек. Еуропа Ресей мен Украина қарым-қатынасы еуропаішілік мәселе емес екенін және Еуроодаққа ешқандай қатысы жоқ екенін мойындауы керек.
Автордың пікірінше, бірақ Еуроодақ мұндай қадамға бара алмайды. Сондықтан қайта-қайта санкция қабылдауға мәжбүр. Бірақ бұл санкциялар Ресейді арнайы әскери операцияны тоқтатуға немесе Ресейге үлкен залал келтіруге қауқары жетпей тұр. Сонда жоғары инфляция салдарын бекерден-бекер сезіну Еуропаға не үшін қажет? Күні кеше Германияның вице-канцлері, экономика министрі Роберт Хабек кезектен тыс саммит кезінде жаңа санкцияларды келісу бойынша үлкен проблема бар екенін айтты:
"Ресейдің Украинадағы агрессиясы басталғаннан кейін Еуропа біртұтас болғанда қандай жағдай туындайтынын көрдік. Саммит қарсаңында осылай жалғаса береді деп үміттенеміз. Алайда қазірдің өзінде бұл біртұтастық бұзылып жатыр".
Бірақ Еуроодақта ресейлік мұнайды импорттауға қатысты бірауызды келісім жоқ. Бірінші кезекте Венгрия қарсы болып, өз келісімі үшін көп миллиард өтемақы талап етті. Нәтижесінде, жаңа санкциялар пакетінде кем дегенде құбыр желісі арқылы жеткізілетін мұнайға тыйым салынбауы мүмкін. Еуропа Венгрияға өтемақы төлеп, ресейлік мұнайдан бас тартқан күннің өзінде баға шарықтауынан басқаға қол жеткізе алмайды.
НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен құрған "Демократия альянсы" қоры қоғамдық пікірге сауалнама жүргізді. Сауалнама Батысты ғана емес, әлемнің 52 елін қамтыған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропа елдері халқын суды үнемдеп, еттен бас тартуға шақырды
Еуропалықтардың 55%-і Ресеймен экономикалық байланысты тоқтатуды қолдады. Польша (87%) мен Украина (80%) Ресейге жаулық көзқараста екені анықталды. Сол сияқты бұл мәселеде Португалия (79%) үшінші орынды иеленді. Өйткені оған антиресейлік үгіт-насихат қана емес, сонымен қатар Ресеймен энергетикалық байланыстың жоқтығы әсер еткен. Португалия экономикасы ресейлік мұнай мен газдың экспортына тәуелді емес. Төртінші орында (77%) Швеция тұрғаны түсініті, ал достық қарым-қатынастағы Италияның (65%) жоғары көрсеткіші таңғалдырады.
Ресейді тежеуді қолдайтын Ұлыбританияның (65%) көрсеткіші белгілі жайт. Дегенмен "Демократия альянсы" сауалнамасы ерте көктемде жүргізілген болуы мүмкін, бірақ басқа зерттеулердің деректері Ұлыбританияда наурыз-мамыр айларындағы санкциялық соғыстарды қолдаушылардың саны 50%-тен 36%-ке дейін төмендегенін көрсетті.
"Германия 62% көрсеткішпен орташаеуропалық деңгейден жоғары тұр. Мұнда Ресейге қарсы эмбарго енгізуді қолдайтындар саны наурызда 44%-тен 50%-ке дейін өскен. АҚШ та 62% көрсеткішпен Германиямен бір сатыда тұр. Дегенмен, америкалықтар арасында Ресейге қарсы санкцияларды қолдайтындар қатары 55%-тен 45%-ке дейін азайған. Жалпы бұл сауалнама еуропалықтар мен америкалықтар Ресейді тежеу және осы арқылы инфляцияны бәсеңдету мүмкін екеніне сенген кезде санкцияны қолдағаны, ал жеңіске қатысты күмән туындаған кезде, эмбаргоға қарсылық білдіргендер қатары өскенін айқындап тұр", - деп жазды мақала авторы.
"Демократия альянсы" батыстық емес елдерде жүргізген сауалнама көрсеткіші олардың барлығы дерлік Ресейге оң көөзқараста екенін аңғартады. Еуропадағы Венгрия мен Грекияда да адамдардың басым бөлігі Ресеймен экономикалық байланысты үзуді жақтамайтыны белгілі болды. Сауалнамаға қатысқан 52 елдің 20-сы Ресеймен тату қарым-қатынасты қолдайтыны анықталды. Бір маңыздысы – бұл ірі Азия елдері: Қытай, Үндістан, Түркия, Индонезия, Пәкістан. Азияда негізінен елдердің басым бөлігі, атап айтқанда, Малайзия, Тайланд, Филиппины, Вьетнам Ресейді қолдап отыр. Араб әлемінде Сауд Арабиясы мен Мысыр, Алжир мен Марокко. Ал Африкада Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы және Кения орыстарды қолдайды. Латын Америкасында дауыстар қақ жарылғанымен, мұндағы ірі мемлекет – Мексикада көпшілік санкцияларға қарсы. Сонымен қатар, Ресейге деген оң көзқарас негізінен Үндістанда (36%), Алжирде (29%) және Индонезияда (14%) тіркелді.
Бұл сауалнама арнайы операция басталған күннен-ақ әлем екіге бөлінгенін және антиресейлік азшылық топ жаһандық медиа түріндегі қуатты күшке ие Батыспен шектелетінін аңғартып тұр. Дәл осы жаһандық БАҚ-тан Латын Америкасы, Африка мен Азия елдеріндегі батыстық емес мемлекеттердің баспасөз құралдары ақпарат алады.
БҰҰ жүргізген дауысқа салу кезінде батыстық емес елдердің басым бөлігі Ресейді сынға алудан бас тартты. Мұны Батыстағылар "Мәскеумен қарым-қатынасты бұзбауға деген талпыныс" деп бағалады. Бірақ "Демократия альянсы" сауалнамасы билік басындағы шенеуніктердің емес, әрбір мемлекеттің негізі – халықтың көзқарасын аңғартып тұр.