Оқиға

Петропавлда 17 жастағы қыз он екінші қабаттан секіріп кетті

"Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
30 мамыр таңғы бестер шамасында полицияға Жамбыл көшесіндегі үйдің 12-ші қабатынан қыз құлап кеткені туралы ақпарат түскен. 17 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Лисаковск тұрғыны 9-қабаттан секіріп кетпек болды – видео