Лисаковск тұрғыны 9-қабаттан секіріп кетпек болды – видео

© AP Photo / Darko VojinovicАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Лисаковск қаласында әйелімен ұрсысып қалған 30 жастағы ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
22 мамырда қалалық полиция бөліміне ер адамның 9 қабатты үйдің шатырына шығып кеткені туралы хабар түскен. Желіде тараған видеодан ол тосқауылдың арғы жағына өтіп, секіруге дайындалып жатқаны анық көрінеді.
Оқиға орына патрульдік экипаж – полиция лейтенанты Айбек Байсапақов пен аға лейтенант Андрей Грабарь барды. Артынан учаскелік инспектор Азат Нұрғалиев және құтқарушылар да келіп жетті. Тәртіп сақшылары дереу 30 жастағы ер адаммен келіссөз жүргізуге кіріскен. Ол әйелімен ұрсысқаннан кейін шатырдан секіруге бел буғанын айтқан.
"Ондайда адаммен келіссөз жүргізе білу керек. Алдымен мотивация беріп, жақын адамдарымен сөйлесуге жағдай жасаған дұрыс. Ол жігіт бізге ата-анасының телефон нөмірін берді. Мен оларға қоңырау шалдым. Арғы жағынан анасының дауысы естілді. Мен қатты желдің салдарынан дұрыс естілмей жатқанын айттым да, телефонмен өзі сөйлесуін өтіндім. Ол келісті. Сөйтіп, қолын соза бергенде шап беріп ұстап алдым", - дейді Байсапақов.
Лейтенанттың полицияда істеп жүргеніне 8 жыл болған. Бірақ мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіпті.
Жаңалықтар
0