Қоғам

Алматы метросында жаңа бекеттер ашылды

Жаңа станциялар қала орталығын шет жақтағы аудандармен байланыстырады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Алматыда метроның "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" бекеттері ашылды.
Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ерболат Досаев метрополитен құрылысшылары мен қызметкерлеріне ерен еңбегі мен қоғамдық көлікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Алматыда метроның "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" бекеттері ашылды
"Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Жолаушылар ағыны 50 мыңнан 85 мыңға дейін өседі деп болжап отырмыз. Қала барынша жайлы болады. Бәрімізді толғандыратын трафик, экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз", - деді Досаев.
Алматыда метроның жаңа бекеттері ашылды
Жаңа станциялар қала орталығын шет жақтағы аудандармен байланыстырады. Қозғалыс аралығы 8-12 минут болатын 15 төрт вагонды электрпойызды іске қосу жоспарланып отыр.
Алматыда метроның жаңа бекеттері ашылды
Әкімдік ақпаратынша, метро одан әрі "Барлық" базарына дейін барады. Сондай-ақ, қала инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар әзірленуде, онда метрополитеннің дамуы көрініс табады. Қала әкімі метро құрылысшыларын үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.