Каспий теңізіне құтқарылған 700-ден астам бекіре жіберілді

Құқық бұзушыларға 3,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Шекарашылар кең ауқымды "Бекіре" акциясы аясында 308 километрден астам браконьерлік торды тәркілеп алды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Шекарашылар Каспий теңізінің акваториясында 59 жүзу құралын пайдаланған 128 құқық бұзушыны ұстады.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 308 километрден астам браконьерлік кәсіпшілік құралдары – тор тәркілеп алынды,
Теңізге 702 бекіре және 2 132 частик тұқымдас балық жіберілді.
Құқық бұзушыларға 3,1 миллион теңге айыппұл салынды. Жол берілмеген залалдың мөлшері 1,1 миллиард теңгеден асады.
Өңірлер
Каспий жағалауында қырылған итбалық пен бекіре табылды