НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Әлемнің IT-астанасы Сан-Франциско қаласында Түркі мемлекеттерінің бірлескен Технологиялық үйінің ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Министр мұндай бастаманы Бакуде түркі мемлекеттерінің IT-технологияларға жауапты министрлерінің кездесуінде ұсынды.
Сонымен қатар Түркі мемлекеттерінің VIII саммиті кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттерде инновациялар мен стартаптарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет екендігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы түркі елдеріне ортақ заманауи инновациялық технопарктер орталығын құруды ұсынды.
Біраз мәселе талқыланды, соның ішінде заманауи инфрақұрылымдар, коммуникацияның қолжетімділігі мен сапасы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы айтылды.
"Түркістан қаласында Түркі елдерінің заманауи инновациялық технопарктерінің орталығын құру туралы шешім қабылдадық. Түркі аймағының стартаперлеріне орналасуға (қонақ үй, хостел) немесе Калифорнияда қажетті байланыс көздерін табуға көмектесетін бірнеше қызметкері бар "IT-хаус" ашылса жақсы болар еді. Осы орайда мен әлемнің IT-астанасы Сан-Франциско қаласында Түркі мемлекеттерінің бірлескен Технологиялық үйінің жобасын ұсындым", - деп жазды Мусин әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ министр түркі мемлекеттері ұйымының өкілдерін "Digital Bridge Forum 2022"-ға шақыру бойынша жоспарын ортаға салды.