https://sputnik.kz/20220527/tekhnologiya-ministr-musin-25121146.html
Түркі мемлекеттерінің Технологиялық үйі ашылады – министр Мусин
Түркі мемлекеттерінің Технологиялық үйі ашылады – министр Мусин
Sputnik Қазақстан
Қазақстан "Цифрлық Жібек жолы" жобасы аясында барлық түркі мемлекетін Еуропамен байланыстыруды мақсат тұтады 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-27T13:00+0500
2022-05-27T13:00+0500
2022-05-27T13:00+0500
түркітілдес халықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24029693_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_536ba2dbf1e1eec046b08ba6fe9fb235.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Әлемнің IT-астанасы Сан-Франциско қаласында Түркі мемлекеттерінің бірлескен Технологиялық үйінің ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.Министр мұндай бастаманы Бакуде түркі мемлекеттерінің IT-технологияларға жауапты министрлерінің кездесуінде ұсынды.Сонымен қатар Түркі мемлекеттерінің VIII саммиті кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттерде инновациялар мен стартаптарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет екендігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы түркі елдеріне ортақ заманауи инновациялық технопарктер орталығын құруды ұсынды.Біраз мәселе талқыланды, соның ішінде заманауи инфрақұрылымдар, коммуникацияның қолжетімділігі мен сапасы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы айтылды."Түркістан қаласында Түркі елдерінің заманауи инновациялық технопарктерінің орталығын құру туралы шешім қабылдадық. Түркі аймағының стартаперлеріне орналасуға (қонақ үй, хостел) немесе Калифорнияда қажетті байланыс көздерін табуға көмектесетін бірнеше қызметкері бар "IT-хаус" ашылса жақсы болар еді. Осы орайда мен әлемнің IT-астанасы Сан-Франциско қаласында Түркі мемлекеттерінің бірлескен Технологиялық үйінің жобасын ұсындым", - деп жазды Мусин әлеуметтік желіде.Сондай-ақ министр түркі мемлекеттері ұйымының өкілдерін "Digital Bridge Forum 2022"-ға шақыру бойынша жоспарын ортаға салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24029693_441:0:2689:1686_1920x0_80_0_0_f64600e9fdcc15e3eaeb2ba9679aa9bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркітілдес халықтар
Түркі мемлекеттерінің Технологиялық үйі ашылады – министр Мусин
Қазақстан "Цифрлық Жібек жолы" жобасы аясында барлық түркі мемлекетін Еуропамен байланыстыруды мақсат тұтады
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Әлемнің IT-астанасы Сан-Франциско қаласында Түркі мемлекеттерінің бірлескен Технологиялық үйінің ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Министр мұндай бастаманы Бакуде түркі мемлекеттерінің IT-технологияларға жауапты министрлерінің кездесуінде ұсынды.
Сонымен қатар Түркі мемлекеттерінің VIII саммиті кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттерде инновациялар мен стартаптарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет екендігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы түркі елдеріне ортақ заманауи инновациялық технопарктер орталығын құруды ұсынды.
Біраз мәселе талқыланды, соның ішінде заманауи инфрақұрылымдар, коммуникацияның қолжетімділігі мен сапасы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы айтылды.
"Түркістан қаласында Түркі елдерінің заманауи инновациялық технопарктерінің орталығын құру туралы шешім қабылдадық. Түркі аймағының стартаперлеріне орналасуға (қонақ үй, хостел) немесе Калифорнияда қажетті байланыс көздерін табуға көмектесетін бірнеше қызметкері бар "IT-хаус" ашылса жақсы болар еді. Осы орайда мен әлемнің IT-астанасы Сан-Франциско қаласында Түркі мемлекеттерінің бірлескен Технологиялық үйінің жобасын ұсындым", - деп жазды Мусин әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ министр түркі мемлекеттері ұйымының өкілдерін "Digital Bridge Forum 2022"-ға шақыру бойынша жоспарын ортаға салды.