Спорт

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізу туралы өтінішін қайтарып алды

Турнирді өткізуге жалғыз үміткер Швейцария болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстан 2026 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу туралы өтінішін кері қайтарып алды, деп хабарлайды Swisshockeynews.
Бұл шешімнің себебі көрсетілмеген. Осылайша, турнирді өткізуге жалғыз үміткер - Швейцария қалды. Сондай-ақ, Ресейде өткізуді жоспарлаған 2023 жылғы әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда өткізілуі мүмкін.
Еске сала кетсек 2020 жылдың маусым айында Қазақстан хоккей федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірді.
Сондай-ақ, сол кезде федерация Швейцария жеңіске жетсе, Қазақстан 2027 жылы жарыстарды өткізуге құжат тапсыратынын мәлімдеген болатын.
Спорт
Президент кубогы үшін хоккей турнирінде жаппай төбелес болды – видео