Спорт

Президент кубогы үшін хоккей турнирінде жаппай төбелес болды – видео

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуХоккей
Хоккей - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Осы ойында "Куньлунь" командасы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:2. Финалда "Барыс" пен "Сарыарқа" кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында өткен турнирде "Торпедо" мен "Куньлунь" хоккейшілері төбелесіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Екі команда үшінші орын үшін таласқан. Ойын соңында "Торпедоның" шабуылшысы Стас Петросян шыдай алмай, "Куньлунь Ред Стардың" форварды Ян Хуға жұдырық ала жүгірді. Бірақ екеуінің жекпе-жегі ұзаққа созылмады. Басқа хоккейшілер араласты. Арты жаппай төбелеске ұласып кетті. "Куньлунь" клубының бес бірдей ойыншысы айыппұл уақытын өтеуге аттанды. Ал "Торпедодан" үш хоккейші ескерту алды.

Осы ойында "Куньлунь" командасы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:2. Финалда "Барыс" пен "Сарыарқа" кездеседі.  

Айта кетері, бес жыл бұрын Қазақстан президенті кубогы үшін хоккей турнирінде тура сондай төбелес болған. Бірақ ол кезде "Барыс" ойыншысы Дамир Рыспаев "Куньлунь Ред Стардың" үш хоккейшісін соққыға жықты. Одан кейін қарсыластың басқа ойыншыларына тап берді. Осы оқиғадан кейін Құрлықтық хоккей лигасы Рыспаевты лига ойындарынан шеттетті.

Жаңалықтар
0