2022 жылы күздік бидайдың шығымдылығы жоғары болады деп болжанып отыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі 2022 жылғы күздік бидайдың шығымдылығын алдын ала болжады.
"Биыл күздік бидайдың өсуі мен дамуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасты. Есептік деректерге сәйкес, Қазақстанның оңтүстік облыстарының басым бөлігінде күздік бидайдың өнімділігі көпжылдық мәнге жуық болады деп болжануда. Алматы облысы бойынша орташа өнімділік 19 ц/га, Түркістан облысында 17,5 ц/га, Жамбыл облысында 15,7 ц/га құрайды", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Түркістан облысы бойынша болжам алғаш рет әзірленуде. Биыл Қазгидрометте жаңа болжау әдістемесі бейімделуден өтіп жатыр.
Оңтүстік облыстардың аумағы бойынша шығымдылық болжамы фермерлерге арналған "АgroData" қосымшасында қолжетімді.
Қазақстанның қай өңірлерінде қатты құрғақшылық болады