Қазақстанның қай өңірлерінде қатты құрғақшылық болады

© Photo : pixabay/Couleur Зелень
Зелень - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Қармақшы және Қарақия аудандарында қатты құрғақшылық болады деп болжанып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Синоптиктер 2022 жылдың маусымына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады.
Маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп болжануда. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында біркелкі құрғақшылық болады.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болады деп болжанып отыр.
Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы қоңыржай ылғалды жағдай болады деп болжанужа.
Айта кетері, құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінеді.
Қызылорда және Маңғыстау облыстары агроклиматтық аудандастыруға сәйкес, VIII агроклиматтық аймаққа жатады және құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады.
Жаңалықтар
0