Фото

Канн кинофестивалі–2022: қызыл кілемдегі ең ерекше киім үлгілері – фото

Биылғы Канн кинофестиваліне қатысқан жұлдыздардың ең әдемі әрі есте қаларлықтай ерекше киім үлгілерін суреттер топтамасынан көріңіз
Sputnik
75-ші Канн кинофестивалі аяқталуға жақын. Дәстүр бойынша, кино әлеміндегі бұл айтулы іс-шараға танымал жұлдыздар, топ-модельдер мен кино жұлдыздары қатысады.
Олардың кинофестиваль аясында қызыл кілем үстімен жүріп өту сәтін әлемдік таблоидтар мен сән тақырыбында жазатын басылымдар қалт жібермей қадағалап, суреттермен бөліседі.
2022 жылғы Канн фестивалінде киімімен ерекше көзге түскен жұлдыздар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
1 / 18

Бұл жылы жұлдыздардың көбі сүйретпе етекті кең әрі көлемді көйлек киюді жөн көрген. Мысалы, Ohh Couture атты сән әлемі туралы блогтың негізін құрушы Леони Ханне Канн фестиваліндегі "Қайғыға толы үш мың жыл" фильмінің тұсаукесеріне ерекше көгілдір түсті көйлек киіп келді

2 / 18

Ашық күлгін түсті жеңіл көйлек киген теңдессіз Карла Бруни 75-ші халықаралық Канн фестивалінде қызыл кілем үстінде суретке түсіп тұр

3 / 18

Канн фестивалінің қонақтары мен қатысушылары киім таңдауға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мына суреттегі бейтаныс ару да алтын түстес әдемі киім киген

4 / 18

Үнді актрисасы Айшвария Рай Канн фестиваліндегі "Армагеддон уақыты" фильмінің көрсетілімінде Gaurav Gupta қолынан шыққан мінсіз көйлекпен көпшілік алдына шықты

5 / 18

Вьетнам актрисасы Ли Нха Ки 75-ші халықаралық Канн фестивалінде "Армагеддон уақыты" фильмінің көрсетіліміне дайындалып жатыр

6 / 18

Француз топ-моделі Синди Бруна бүрме етектерден тұратын алқызыл көйлек киді. Оның қызыл кілем үстімен жүріп өтуі ерекше әсерлі көрініске айналды

7 / 18

Бразилия моделі Алессандра Амбросио Канн фестивалінде қызыл кілемге нәзік әрі екінің бірі кие алмайтын көйлекпен шықты

8 / 18

Америкалық модель Жасмин Тукс халықаралық Канн фестивалінде

9 / 18

Қазылар алқасының мүшесі – үнді актриса әрі модель Дипика Падуконе 75-ші халықаралық Канн фестивалінде "Армагеддон уақыты" фильмінің тұсаукесерінде қызыл кілем үстінде кідіріп, фотографтарға сурет түсіруге мүмкіндік беріп тұр

10 / 18

Француз актрисасы әрі әнші Сандрин Киберлен ашық түсті шалбарлы костюм киді

11 / 18

Француз актрисасы Изабель Юппер "Мәңгілік жас" фильмінің көрсетіліміне "жастық түсі" саналатын жасыл түсті киім киді

12 / 18

Португалиялық модель Сара Сампайо мен саударабиялық кинопродюсер Мұхаммед әл-Түрки 75-ші халықаралық Канн фестивалінде суретке түсіп жатыр

13 / 18

Аты аңызға айналған актриса Шэрон Стоун Канн фестиваліне ерекше ою-өрнекті көйлек киіп келді. Иығы ашық киім оның нәзіктігін айқындай түсті

14 / 18

Актер Идрис Эльбаның жұбайы – Сабрина Доур Эльба Канн фестиваліне ұзын ақ көйлек киді. Оның сырт бейнесі көне замандағы грек қалыңдығына қатты ұқсас болды

15 / 18

Бразилиялық модель Алессандра Амбросио су перісінің образы негіз болған күміс түсті көйлек киді

16 / 18

Британ актрисасы Тильда Суинтон Канн фестиваліндегі көрсетілімге жейде іспеттес көйлекпен келді

17 / 18

Бразилиялық супермодель Адриана Лима аяғы ауыр екенін мейлінше жария етіп, қарын тұсын жалаңаштап тұратын көйлек киді

18 / 18

Фотографтар бельгиялық модель Роуз Бертрам 75-ші халықаралық Канн фестивалінде "Армагеддон уақыты" фильмінің тұсаукесеріне келген кезін суретке түсіріп жатыр