Канн кинофестивалі–2022: қызыл кілемдегі ең ерекше киім үлгілері – фото
Канн кинофестивалі–2022: қызыл кілемдегі ең ерекше киім үлгілері – фото
Sputnik Қазақстан
Биылғы Канн кинофестиваліне қатысқан жұлдыздардың ең әдемі әрі есте қаларлықтай ерекше киім үлгілерін суреттер топтамасынан көріңіз 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
75-ші Канн кинофестивалі аяқталуға жақын. Дәстүр бойынша, кино әлеміндегі бұл айтулы іс-шараға танымал жұлдыздар, топ-модельдер мен кино жұлдыздары қатысады.Олардың кинофестиваль аясында қызыл кілем үстімен жүріп өту сәтін әлемдік таблоидтар мен сән тақырыбында жазатын басылымдар қалт жібермей қадағалап, суреттермен бөліседі. 2022 жылғы Канн фестивалінде киімімен ерекше көзге түскен жұлдыздар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
Биылғы Канн кинофестиваліне қатысқан жұлдыздардың ең әдемі әрі есте қаларлықтай ерекше киім үлгілерін суреттер топтамасынан көріңіз
75-ші Канн кинофестивалі аяқталуға жақын. Дәстүр бойынша, кино әлеміндегі бұл айтулы іс-шараға танымал жұлдыздар, топ-модельдер мен кино жұлдыздары қатысады.
Олардың кинофестиваль аясында қызыл кілем үстімен жүріп өту сәтін әлемдік таблоидтар мен сән тақырыбында жазатын басылымдар қалт жібермей қадағалап, суреттермен бөліседі.
2022 жылғы Канн фестивалінде киімімен ерекше көзге түскен жұлдыздар туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
Бұл жылы жұлдыздардың көбі сүйретпе етекті кең әрі көлемді көйлек киюді жөн көрген. Мысалы, Ohh Couture атты сән әлемі туралы блогтың негізін құрушы Леони Ханне Канн фестиваліндегі "Қайғыға толы үш мың жыл" фильмінің тұсаукесеріне ерекше көгілдір түсті көйлек киіп келді
Канн фестивалінің қонақтары мен қатысушылары киім таңдауға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мына суреттегі бейтаныс ару да алтын түстес әдемі киім киген
Үнді актрисасы Айшвария Рай Канн фестиваліндегі "Армагеддон уақыты" фильмінің көрсетілімінде Gaurav Gupta қолынан шыққан мінсіз көйлекпен көпшілік алдына шықты
Қазылар алқасының мүшесі – үнді актриса әрі модель Дипика Падуконе 75-ші халықаралық Канн фестивалінде "Армагеддон уақыты" фильмінің тұсаукесерінде қызыл кілем үстінде кідіріп, фотографтарға сурет түсіруге мүмкіндік беріп тұр
Актер Идрис Эльбаның жұбайы – Сабрина Доур Эльба Канн фестиваліне ұзын ақ көйлек киді. Оның сырт бейнесі көне замандағы грек қалыңдығына қатты ұқсас болды