ПАВЛОДАР, 26 мамыр – Sputnik. Павлодарлық аса қауіпсіздік колониясының үш сотталушысы алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының аса қатыгездікпен жасаған қылмысы үшін сотталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сотталған блогерді ұрып-соғуды АП-162/4 колониясының "бақылаушыларының" бірі ұйымдастырған. Ол әкімшілікке режимді сақтауға көмектесуі керек болатын. Ол блогер смартфон қолданатынын біліп қойған. Ол былтыр 8 мамыр таңертең екі көмекшісімен бірге блогерден тыйым салынған затты кімнен алғанын айтуын талап еткен.
Бұл ретте сотталғанды қол-аяқпен және ағаш таяқшалармен соққыға жыққан. Оның мойындағанына қарамастан, тәулігіне бірнеше рет ұрған. Келесі күні таңертең қозғала алмай қалғанр блогерді душ бөлмесіне апарған. Ол сол жерде қайтыс болды.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, 40 жастағы екібастұздық блогер өткен жылы 14 жасар қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталған. Ол өзі кінәсін мойындамады. Оның қарындасы да ағасы қылмыс жасамады деп мәлімдеді. Өйткені оның айтуынша, қыз пәк болып қалған.
Содан кейін блогерді колонияда тұтқындардың бірін өлтіргені белгілі болды. Енді үш адам соққыға жыққаны анықталып отыр. Олардың барлығы бұрын ауыр қылмыстар үшін сотталған.
Сот үкімімен қылмыстардың қайталануы мен бұрынғы қылмыстар бойынша өтелмеген жазаны ескере отырып, олар 14, 17 және 12 жылға бас бостандығынан айырылды.