https://sputnik.kz/20220526/ekibastuzdyq-blogerdin-olimi-25095559.html
Екібастұздық блогердің өлімі үшін 3 сотталушы жазаланды
Екібастұздық блогердің өлімі үшін 3 сотталушы жазаланды
Sputnik Қазақстан
Олардың барлығы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T14:12+0500
2022-05-26T14:12+0500
2022-05-26T14:12+0500
өңірлер
екібастұз
блогер
өлім
сотталушы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_ff55edc851bbaa26b3cbaa80f6e4a13f.jpg
ПАВЛОДАР, 26 мамыр – Sputnik. Павлодарлық аса қауіпсіздік колониясының үш сотталушысы алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының аса қатыгездікпен жасаған қылмысы үшін сотталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Сотталған блогерді ұрып-соғуды АП-162/4 колониясының "бақылаушыларының" бірі ұйымдастырған. Ол әкімшілікке режимді сақтауға көмектесуі керек болатын. Ол блогер смартфон қолданатынын біліп қойған. Ол былтыр 8 мамыр таңертең екі көмекшісімен бірге блогерден тыйым салынған затты кімнен алғанын айтуын талап еткен.Бұл ретте сотталғанды қол-аяқпен және ағаш таяқшалармен соққыға жыққан. Оның мойындағанына қарамастан, тәулігіне бірнеше рет ұрған. Келесі күні таңертең қозғала алмай қалғанр блогерді душ бөлмесіне апарған. Ол сол жерде қайтыс болды.Sputnik Қазақстан хабарлағандай, 40 жастағы екібастұздық блогер өткен жылы 14 жасар қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталған. Ол өзі кінәсін мойындамады. Оның қарындасы да ағасы қылмыс жасамады деп мәлімдеді. Өйткені оның айтуынша, қыз пәк болып қалған. Содан кейін блогерді колонияда тұтқындардың бірін өлтіргені белгілі болды. Енді үш адам соққыға жыққаны анықталып отыр. Олардың барлығы бұрын ауыр қылмыстар үшін сотталған.Сот үкімімен қылмыстардың қайталануы мен бұрынғы қылмыстар бойынша өтелмеген жазаны ескере отырып, олар 14, 17 және 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_311:0:1751:1080_1920x0_80_0_0_5efefd209862035f60d9db5bd3c19f5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, блогер, өлім, сотталушы
екібастұз, блогер, өлім, сотталушы
Екібастұздық блогердің өлімі үшін 3 сотталушы жазаланды
Олардың барлығы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
ПАВЛОДАР, 26 мамыр – Sputnik. Павлодарлық аса қауіпсіздік колониясының үш сотталушысы алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының аса қатыгездікпен жасаған қылмысы үшін сотталды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сотталған блогерді ұрып-соғуды АП-162/4 колониясының "бақылаушыларының" бірі ұйымдастырған. Ол әкімшілікке режимді сақтауға көмектесуі керек болатын. Ол блогер смартфон қолданатынын біліп қойған. Ол былтыр 8 мамыр таңертең екі көмекшісімен бірге блогерден тыйым салынған затты кімнен алғанын айтуын талап еткен.
Бұл ретте сотталғанды қол-аяқпен және ағаш таяқшалармен соққыға жыққан. Оның мойындағанына қарамастан, тәулігіне бірнеше рет ұрған. Келесі күні таңертең қозғала алмай қалғанр блогерді душ бөлмесіне апарған. Ол сол жерде қайтыс болды.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, 40 жастағы екібастұздық блогер өткен жылы 14 жасар қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталған. Ол өзі кінәсін мойындамады. Оның қарындасы да ағасы қылмыс жасамады деп мәлімдеді. Өйткені оның айтуынша, қыз пәк болып қалған.
Содан кейін блогерді колонияда тұтқындардың бірін өлтіргені белгілі болды. Енді үш адам соққыға жыққаны анықталып отыр. Олардың барлығы бұрын ауыр қылмыстар үшін сотталған.
Сот үкімімен қылмыстардың қайталануы мен бұрынғы қылмыстар бойынша өтелмеген жазаны ескере отырып, олар 14, 17 және 12 жылға бас бостандығынан айырылды.