Экономика

ЕАЭО-да ұлттық валюталардағы есеп айырысу үлесі 75%-ке жетті

Ұлттық төлем жүйелері мен банк карталарын ұштастыру және өзара пайдалану жұмыстары одан әрі жалғаспақ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр - Sputnik. ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ұлттық валюталарындағы өзара есеп айырысу үлесі 75%-ке жетті, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында РФ президенті Владимир Путин.
"Ұлттық валюталарда есеп айырысу тәжірибесі кеңеюде. Бұл өте маңызды, одақ елдерінің өзара саудасындағы үлесі 75%-ға жеткенін атап өткім келеді", - деп жазады РИА Новости Ресей президентіне сілтеме жасап.
Ол ұлттық төлем жүйелері мен банк карталарын ұштастыру және өзара пайдалану жұмыстары одан әрі жалғасатынын айтқан.
Саясат
Қазақстан Еуразиялық интеграцияны қолдауын жалғастырады - Тоқаев