https://sputnik.kz/20220526/qazaqstan-euraziyalyq-integratsiya-25101576.html
Қазақстан Еуразиялық интеграцияны қолдауын жалғастырады - Тоқаев
Қазақстан Еуразиялық интеграцияны қолдауын жалғастырады - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы кез келген интеграция барлық тарапты қанағаттандыратын және ұлттық мүддеге сай келетін ымыралар мен шешімдерді талап ететінін атап өтті 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T16:32+0500
2022-05-26T16:32+0500
2022-05-26T16:46+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24846067_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_9512b2d5dacb332f3d8ad0bfd80e319e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форум барысында республика еуразиялық интеграцияны қолдауын жалғастыра беретінін мәлімдеді.Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда жағдайын жақсарту мақсатында құрылды. Одақ осы міндетті ойдағыдай орындап келеді, деді ол."ЕАЭО күрделі геосаяси жағдайларда да өзінің тиімділігін көрсетті. ЕО сынды басқа ұйымдарда да проблемалық мәселелер туындайды. Өйткені әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүддесі жағынан қарайды. Бұл қалыпты жағдай. ЕЭК осындай мәселелерді шешу үшін құрылды. ЕЭК-ке қосымша өкілеттіктер беру керек пе? Біз, Қазақстан, асықпау керек деп есептейміз. Интеграция процесіндегі қиындықтарды драматизациялаудың қажеті жоқ, өйткені бұл қалыпты процесс. Қазақстан іскерлік негізде Еуразиялық интеграцияны қолдады және мұны жалғастырады", – деді Қазақстан президенті.Тоқаев консультациялар нәтижесінде кедергілердің 80%-і жойылғанын хабарлады. Айтуынша, интеграция - бұл ымыраға келуді талап ететін процесс."Қол жеткізілген келісімдерге әрдайым көңіліміз тола бермейді. Бірақ кейде өз мүддемізді емес, ортақ істі таңдауымыз қажет. Халық мәселелердің шешілуін ұзақ күте алмайды", - деді президент.Айта кетері, Бішкекте бірінші Еуразиялық экономикалық форум өтуде. Қазақстан басшысы Қырғызстанның астанасында ресми сапармен барды. Оның барысында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екі республика арасындағы сауда көлемі алдағы жылдары 1 миллиард доллардан 2 миллиард долларға дейін артады деп уағдаласты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24846067_0:0:1072:804_1920x0_80_0_0_0627eca4ab17b48b3ead3c9edc0c20d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан Еуразиялық интеграцияны қолдауын жалғастырады - Тоқаев
16:32 26.05.2022 (жаңартылды: 16:46 26.05.2022) Мемлекет басшысы кез келген интеграция барлық тарапты қанағаттандыратын және ұлттық мүддеге сай келетін ымыралар мен шешімдерді талап ететінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форум барысында республика еуразиялық интеграцияны қолдауын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда жағдайын жақсарту мақсатында құрылды. Одақ осы міндетті ойдағыдай орындап келеді, деді ол.
"ЕАЭО күрделі геосаяси жағдайларда да өзінің тиімділігін көрсетті. ЕО сынды басқа ұйымдарда да проблемалық мәселелер туындайды. Өйткені әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүддесі жағынан қарайды. Бұл қалыпты жағдай. ЕЭК осындай мәселелерді шешу үшін құрылды. ЕЭК-ке қосымша өкілеттіктер беру керек пе? Біз, Қазақстан, асықпау керек деп есептейміз. Интеграция процесіндегі қиындықтарды драматизациялаудың қажеті жоқ, өйткені бұл қалыпты процесс. Қазақстан іскерлік негізде Еуразиялық интеграцияны қолдады және мұны жалғастырады", – деді Қазақстан президенті.
Тоқаев консультациялар нәтижесінде кедергілердің 80%-і жойылғанын хабарлады. Айтуынша, интеграция - бұл ымыраға келуді талап ететін процесс.
"Қол жеткізілген келісімдерге әрдайым көңіліміз тола бермейді. Бірақ кейде өз мүддемізді емес, ортақ істі таңдауымыз қажет. Халық мәселелердің шешілуін ұзақ күте алмайды", - деді президент.
Айта кетері, Бішкекте бірінші Еуразиялық экономикалық форум өтуде. Қазақстан басшысы Қырғызстанның астанасында ресми сапармен барды. Оның барысында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екі республика арасындағы сауда көлемі алдағы жылдары 1 миллиард доллардан 2 миллиард долларға дейін артады деп уағдаласты.