НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Шекара қызметінің жаңа директоры тағайындалды. Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Шекара қызметінің басшысы қызметіне Ерлан Алдажұманов келді. Ол ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың сайты.
Ерлан Алдажұманов 56 жаста, Семей қаласында туған, Алматыдағы Дзержинский атындағы жоғары шекаралық командалық училищені бітірген. Генерал-майор шенін алған.
Соңғы қызметі – ҰҚК Шекара қызметі "Оңтүстік" өңірлік басқармасының бастығы.