НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Биыл 1 маусымнан бастап қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына ұша алады.
Әуе рейстерін қазақстандық Air Astana компаниясы іске қосады.
"2022 жылғы 1 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр", - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Жолаушылар А-321NEO типті ұшағымен тасымалданады.
Жаңа әуе бағыттарының ашылуы екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ туризмді табысты дамытуға ықпал етеді, деді комитет.