Қоғам

Air Astana Батумиге ұшатын тікелей рейстер санын ұлғайтпақ

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуБатуми қаласы
Батуми қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Жазылу
Туристер тарапынан сұраныс артқандықтан, Грузияға қосымша рейстер ашылады
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы қазақстандық туристер тарапынан сұраныстың артуына байланысты Грузияға ұшатын рейстер санын көбейтуді жоспарлап отыр.
"Нұр-Сұлтаннан Батумиге тікелей рейстер орындалады. Жолаушылар ағыны айтарлықтай көп, Қазақстанда грузин бағыты жоғары сұранысқа ие", - деді Грузия қалалары бойынша ақпараттық тур барысында әуе компаниясының өкілі Тілек Әбдірахымов.
Ұлттық туризм әкімшілігінің ақпаратынша, осы жылдың алғашқы төрт айында Грузияға 20 мыңнан астам Қазақстан азаматы барған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 476%-ке, 2019 жылмен салыстырғанда 22,5%-ке көп.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Қоғам
Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстерінің саны екі есе өседі
Жаңалықтар
0