НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Алматыда алименттен жалтарып жүрген ер адам ұсталды.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, ол балаларына 1 млн теңгеден астам ақша қарыз болып қалған.
Патрульдік экипаж жауапсыз әкені Тілендиев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында ұстаған. "Шевролле" көлігінің жүргізушісі алимент бойынша берешегі үшін іздеуде жүрген.
Ұстау кезінде ер адам полицейлер мен сот орындаушыларға қандай да бір құжат көрсетуден бас тартты.
Борышкердің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді. Ер адам қарызын толығымен өтегенге дейін көлік сол жерде тұрады.