Оқиға

Ақтөбеде найзағай жасөспірімді мерт қылды

Ал 27 жастағы жігіт ауруханада жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ер адам мен жаспөспірімге найзағай түсіп, салдарынан біреуі қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Трагедия 20 мамырда кешкі сағат жетілер шамасында болған. Ақтөбе қаласына жақын Белогорка ауылында 27 жастағы ер адам мен 15 жастағы балаға жай түсті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал ер адам жедел медициналық жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы қалыпты.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін еске салды. Атап айтқанда, биік ағаштар мен электр желілердің жанында тұруға болмайды. Найзағай кезінде суға түспеген жөн. Себебі жай түссе, су арқылы мерт қылуы әбден мүмкін.
"Сосын қолда ұзын темір заттарды, мәселен, қармақ пен қолшатырды ұстамау қажет. Сол сияқты темірден жасалған құрылыстардан алыс жүрген дұрыс. Телефонмен қоңырау шалмаңыз. Ол құрылғы қосылып тұрса да, найзағай түсуі мүмкін", - деп ескертті департамент мамандары.
Найзағай кезінде металл заттарды да тақпаған жөн.
Оқиға
Жолаушылар ұшағын найзағай соққан сәт видеоға түсіп қалды