Оқиға

Жолаушылар ұшағын найзағай соққан сәт видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуГроза в Москве
Гроза в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе компаниясы лайнерге найзағай түскенін растап отыр. Бұл сәт видеоға да анық түсіп қалған екен

АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Қолайсыз ауа райында ұшқан жолаушылар ұшағын найзағай соққан сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды LAD Bible.

Aer Lingus әуе компаниясының лайнері жексенбіде Бирмингем әуежайынан шығып, Дублинге бет алған. Осы уақытта аймақта "Сиара" дауылы соғып, қолайсыз ауа райы қалыптасқан. Алайда тасымалдаушы әуе компания рейсті кейінге шегермеген.

Видеодан ұшақтың жаңбырда ұшып бара жатқанын, содан кейін оны найзағай соққанын анық көруге болады. Сондай-ақ, лайнердің бірнеше секунд айналғаны да байқалады.

Ұшақ бірнеше рет айналып, аздан соң ұшуды жалғастырған. Aer Lingus әуе компаниясы осы оқиғадан үш минут өткен соң лайнерге найзағай түскенін растады.

Ұшақ еш зардап шекпеген және Дублинге аман-есен жеткен. Сонымен қатар, компания лайнерлер қолайсыз ауа райына лайықталып жасалағанын атап өтті.

Жаңалықтар
0