НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. "Кезби" ЖШС мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері бір айға жуық уақытқа созылған наразылықты тоқтатты, деп хабарлайды Ақтау-Лада.
"Ереуіл аяқталды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз, енді мен осы жеңістің жемісін көргім келеді. Елордада бізге ас әзірлеп, қонаққа шақырған барша Қазақстан халқына, көпбалалы аналарға алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, үнемі бізбен бірге болған "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның Құрманғазы Есқазиевке ("ҚазМұнайГаз – Sputnik" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы) үлкен алғыс білдіреміз", - деді "Кезби" ЖШС жұмысшыларының бірі.
Жұмысшылар жалақы көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды, міндетті төлемдерді есептеуді және артық жұмыс істеуге жол бермеуді талап еткен болатын.
Кейін "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Айгүл Өтешева наразылық білдірушілердің әрекеті заңсыз екенін, серіктестіктегі орташа жалақы 672 500 теңге болатынын жеткізді.
Қызметкерлердің өздері жалақы мөлшері туралы БАҚ-тан білді. Бірнеше күн бұрын Жаңаөзенде полиция наразылық білдіруші әріптестерін қолдау үшін сол күні Нұр-Сұлтанға ұшуды жоспарлаған "Кезби" компаниясының бірнеше мұнайшысын ұстады.