Саясат

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасарын тағайындады

Бұл қызметті Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Мұрат Баймұқашев атқарады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасарын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған жарлық мәтінінде.
Ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Еске сала кетсек, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін Ғизат Нұрдәулетов атқарады.
Қаңтар оқиғасы
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды