Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2022
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңартылған құрылымы бекітілді
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойды.
Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін 15 жарлыққа түзетулер енгізілді.
"ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. Сондай-ақ ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды.
Артынан Мәсімовтың тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды. Ал Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.
Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.
Жаңалықтар
0