Өңірлер

Шымкентте пәтер алуға көмектесемін деп жұртты алдаған таксист сотталды

Сот үкімімен ер адамның бас бостандығы шектелді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Шымкентте тұрғындарды алдап, 1,5 млн теңгені заңсыз иемденген такси жүргізушісі сотталды.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, такси жүргізушісі көлікке отырған жолаушыларды сөзге тартып, пәтер алуға көмектемесін деп алдаған. Өз қызметі үшін 100-500 мың теңге аралығында ақша сұраған.
"Барлығы жеті азамат сан соғып қалды. Келтірілген шығын 1 млн 585 мың теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Полиция жедел іздестіру жұмыстары кезінде жәбірленушілерден жауап алып, олардың ақша аударымдарын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды.
Тергеу барысында ер адам өз кінәсін толығымен мойындап, келтірген шығынды қайтарып берген. Алайда оның іс-әрекетінде алаяқтық бойынша қылмыстық құрам болғандықтан, іс айыптау актісімен сотқа өткен. Сот үкімімен ер адамның Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.
Қоғам
Нұр-Сұлтанда такси жүргізуші жолаушыны соққыға жығып, тонап кетті