Өңірлер

Шымкентте мүгедектерге арналған пандусты ұрлап кетті

Күдікті сұлулық салонының алдындағы пандусты ұрлаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Шымкентте мүгедектерге арналған темір пандусты ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияға сұлулық салонының иесі арызданған. Айтуынша, белгісіз біреулер баспалдаққа орнатылған мүгедектерге арналған темір пандусты ұрлап кеткен.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында салонға жақын маңдағы бейнебақылау камералары зерделенді.
"Нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар азаматтың жеке басы анықталып, ол үйінде ұсталды. Анықталғандай, күдікті ұрланған пандусты сатып үлгерген", - деп мәлімдеді полициядағылар.
Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Мүгедектерге арналған темір пандус кәсіпкерге қайтарылды.
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткердің 19 млн теңгесін ұрлап кетті