https://sputnik.kz/20211223/soltustik-qazaqstan-zeynetker-tenge-18968366.html
Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткердің 19 млн теңгесін ұрлап кетті
Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткердің 19 млн теңгесін ұрлап кетті
Sputnik Қазақстан
Қылмыскерді ұстау үшін алты арнайы топ құрылған. Сондай-ақ учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T16:26+0500
2021-12-23T16:26+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
солтүстік қазақстан облысы
ер адам
зейнеткер
миллион теңге
https://sputnik.kz/img/old/16/43/164352_0:52:1000:615_1920x0_80_0_0_9b7a12a978b22840239bd1d899f687f1.jpg
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері 73 жастағы зейнеткерді тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тонаушы 19 миллион теңге бар сөмкені ұрлап кеткен.Оқиға 21 желтоқсан кешке Солнечный ауылындағы 5-ші үйдің жанында болған."Қылмыскер 73 жастағы зейнеткердің ішінде 19 миллион теңгесі бар сөмкесін ұрлаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("тонау") бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қылмыскерді ұстау үшін алты арнайы топ құрылған. Сондай-ақ учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.Жәбірленуші ер адамның түрін көрмеген. Бұл қылмыскерді табуды қиындатып отыр. Күдіктінің бойы шамамен 170 сантиметр екенін ғана айта алған.Осыған байланысты полиция қызметкерлері куәгер болған немесе күдікті туралы ақпараты бар барлық адамға 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.Бейресми ақпаратқа сәйкес, зейнеткер көптеген жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысады және ақшасын үйде қалдыруға қорқады, банкке сенбегендіктен, өзімен бірге алып жүреді.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/16/43/164352_56:0:945:667_1920x0_80_0_0_2a35ca3c43fcbdc269b49594eb478ee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, ер адам, зейнеткер, миллион теңге
солтүстік қазақстан облысы, ер адам, зейнеткер, миллион теңге
Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткердің 19 млн теңгесін ұрлап кетті
16:26 23.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қылмыскерді ұстау үшін алты арнайы топ құрылған. Сондай-ақ учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері 73 жастағы зейнеткерді тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тонаушы 19 миллион теңге бар сөмкені ұрлап кеткен.
Оқиға 21 желтоқсан кешке Солнечный ауылындағы 5-ші үйдің жанында болған.
"Қылмыскер 73 жастағы зейнеткердің ішінде 19 миллион теңгесі бар сөмкесін ұрлаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("тонау") бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыскерді ұстау үшін алты арнайы топ құрылған. Сондай-ақ учаскелік инспекторлар мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
"Тонау орнындағы аулаларды аралап, жәбірленушінің таныстары да тексеріліп жатыр", - деп нақтылады полиция.
Жәбірленуші ер адамның түрін көрмеген. Бұл қылмыскерді табуды қиындатып отыр. Күдіктінің бойы шамамен 170 сантиметр екенін ғана айта алған.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері куәгер болған немесе күдікті туралы ақпараты бар барлық адамға 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, зейнеткер көптеген жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысады және ақшасын үйде қалдыруға қорқады, банкке сенбегендіктен, өзімен бірге алып жүреді.