Youseum деп аталатын бұл селфи-музейдің қабырғасына бірде-бір өнер туындысы ілінбеген. Керісінше, мұндағы қабырғалар музейге келушілерді шығармашылықпен айналысуға шабыттандыратын түсте безендірілген.
"Youseum музейіне келген кезде адамдар әлеуметтік желідегі өз парақшаларына сурет пен видео дайындау арқылы ойын ойнап, суретке түсе алады. Сондай-ақ, зерттеу жүргізе алады. YOUnique суреттер дайындау арқылы интернетте белсенді болыңыз", - дейді жоба ұйымдастырушылары.
Музей 30 тартымды инсталляциямен толықтырылған иммерсивті тақырыпқа сай кеңістік түрінде жасақталған.
Ерекше музейдегі серуен қандай болатыны туралы суреттер топтамасынан толығырақ тамашалаңыз.