Youseum деп аталатын бұл селфи-музейдің қабырғасына бірде-бір өнер туындысы ілінбеген. Керісінше, мұндағы қабырғалар музейге келушілерді шығармашылықпен айналысуға шабыттандыратын түсте безендірілген. "Youseum музейіне келген кезде адамдар әлеуметтік желідегі өз парақшаларына сурет пен видео дайындау арқылы ойын ойнап, суретке түсе алады. Сондай-ақ, зерттеу жүргізе алады. YOUnique суреттер дайындау арқылы интернетте белсенді болыңыз", - дейді жоба ұйымдастырушылары. Музей 30 тартымды инсталляциямен толықтырылған иммерсивті тақырыпқа сай кеңістік түрінде жасақталған. Ерекше музейдегі серуен қандай болатыны туралы суреттер топтамасынан толығырақ тамашалаңыз.
Швецияда адамның мінезі мен шығармашылық қабілетін ашуға ықпал ететін ерекше нысан ашылды
Youseum деп аталатын бұл селфи-музейдің қабырғасына бірде-бір өнер туындысы ілінбеген. Керісінше, мұндағы қабырғалар музейге келушілерді шығармашылықпен айналысуға шабыттандыратын түсте безендірілген.
"Youseum музейіне келген кезде адамдар әлеуметтік желідегі өз парақшаларына сурет пен видео дайындау арқылы ойын ойнап, суретке түсе алады. Сондай-ақ, зерттеу жүргізе алады. YOUnique суреттер дайындау арқылы интернетте белсенді болыңыз", - дейді жоба ұйымдастырушылары.
Музей 30 тартымды инсталляциямен толықтырылған иммерсивті тақырыпқа сай кеңістік түрінде жасақталған.
Ерекше музейдегі серуен қандай болатыны туралы суреттер топтамасынан толығырақ тамашалаңыз.
"Диско бишісі" атты танымал үнді фильміндегідей эстетикада басты рөлді сомдағыңыз келе ме? Қиын емес! Ол үшін Стокгольм маңындағы Youseum селфи-музейіндегі "неон" бөлмесіне кірсеңіз жеткілікті
Кейде өзіңді қуаныштан төбең көкке жеткендей сезінуді қалайтының рас! Сондықтан аспанда қалықтап, бұлттан жастық жастанған сәттен естелік сурет түсіру үшін Youseum селфи-музейіндегі "Сен аспандасың" атты бөлмеге кіру қажет
Кір жуғыш машинаның ішіне кіріп көруді бала кезден армандадыңыз ба? Әлде көңілді көбікті кеш өткізуді көптен аңсап жүрсіз бе? Селфи-музейде осының бәрі бар