Арыстанбек Мұхамедиұлы үйінде тінту жүргізілген кезде ауруханаға түсті – БАҚ

Кеше бірқатар БАҚ бұрынғы мәдениет министрінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады, бірақ кейінірек оны жоққа шығарды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы үйінде тінтужүргізілген кезде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады КТК телеарнасы музейге сілтеме жасап.
Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құраған. Ал Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамадиұлы желідегі парақшасында өзіне қатысты негізсіз тексерулер басталғанын мәлімдеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы президенттен араша сұрады